- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында Индустрияландыру картасына 4 жаңа инвестжоба қосылды – әкімдік
Ақтөбе облысында Индустрияландыру картасына 4 жаңа инвестжоба қосылды – әкімдік
Оның айтуынша, өңірде бұрын Картаға енгізілген үш жоба іске асырылуда. Атап айтар болсақ, олар Ақтөбе рельсті балка зауыты, «СНПС-Ақтөбе мұнайгаз» АҚ үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезеңі мен «Ақтөбе-Жылыжай» ЖШС жылыжай кешені.
«Жыл басынан бері Ақтөбе рельсті балка зауыты жобаның жалпы құнының 65 пайызын игерді. 17 нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары 89 пайызға орындалған. Құрылғы мен цех электр сымын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қарашада іске қосылады деп күтілуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1 млрд 236 млн теңгенің мемлекеттік қолдауы көрсетілді. Осы арқылы 764 жұмыс орны ашылады», - дейді М.Балмұханов.
Өз кезегінде «СНПС-Ақтөбе мұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь жобаға қарастырылған барлық қаражаттың игерілгенін айтты. 300 адам жұмыспен қамтылады. Маусым айы соңында екінші кезектің құрылысы аяқталған.
Сонымен қатар, жылына 1500 тонна өнім шығарады деп күтіліп отырған «Ақтөбе-Жылыжай» ЖШС жылыжай кешені жобасы 95 пайыз дайын тұр. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша, 132,6 млн теңгеге барлық қажеті инфрақұрылым жүргізілді: шамамен 3 км электр линиясы мен 443 метр су құбыры және 70 метр газ құбыры. Жұмыспен қамтылатын адам саны 35.
Облыс әкімінің айтуынша, отырыста Индустрияландыру картасына енуіге үміткер төрт жаңа инвестициялық жоба мен индустриялды аймақта жұмыс істеуге ниетті 3 жобаның таныстырылымы өтті. Шілде айынан бері 200 гектар жерде сыртқы инфрақұрылым жүргізілуде. 2015 жылы ішкі жұмыстар басталады.
«Индустриялды аймақ қатысушы ретінде тіркеудің басты шарттарының бірі гектарына кем дегенде 120 млн теңге инвестиция салыну керек. Бұл өз кезегінде жеке және бюджеттік инвестицияны үште бір қатынасымен салынуына мүмкіндік береді. Іріктеу барынша қатаң жүргізіледі. Аймақта ең үздік деген жобалар жұмыс істеуі керек», - дейді әкім.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері