• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда киіктерді басқаруға арналған 78 спутниктік құрылғы орнатылған

Қазақстанда киіктерді басқаруға арналған 78 спутниктік құрылғы орнатылған

6 Қараша, 2014 09:32
2009-2013 жылдары аралығында «Қазақстандағы киіктердің орын ауыстыруын спутниктік басқару» жобасы қолға алынып, осы мақсатта елімізде киіктерді басқаруға арналған 78 спутниктік құрылғы орнатылды. Бұл туралы бүгін «Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің он жылдық қызметіне арналған баспасөз конференциясында белгілі болды.

Шарада сөз алған «Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Гүлмира Ызымбергенова қоғамдық бірлестіктің осы уақыт аралығында атқарған қызметі туралы мәлімдеді.

«2004 жылдан бері Қазақстанда 100-ден аса табиғатты қорғау шаралары өткізілді. 2009 жылдан бері киіктерді бақылауда ұстау мақсатында арнайы жоба қолға алынып, нәтижесінде еліміздегі қызыл кітапқа енген жануарлар түрін сақтау шаралары жолға қойылды. Сонымен қатар, ҚБСА  Кедендік құрылымдармен ынтымақтастығының арқасында алғашқы рет контрабандалық киік мүйіздерін табу үшін арнайы иттерді пайдалана бастады», - деді қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры.

Оның айтуынша, «Қазақстандағы киіктердің орын ауыстыруын спутниктік басқару» жобасы арқылы 1993-2003 жылдар аралығында жаппай браконьерлік пен киіктердің қырылуына байланысты еліміздегі киіктер саны 95 пайызға дейін азайып, 1 млн-нан 30 мыңға дейін азайған.

Бауыржан Мұқанов 

Барлық жаңалықтар