- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев А. Меркельді сайлауда жеңіске жеткенімен құттықтады
Н. Назарбаев А. Меркельді сайлауда жеңіске жеткенімен құттықтады
24 Қыркүйек, 2013 18:44
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеральдық канцлері Ангела Меркельге Христиан демократиялық одағының парламенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады - деп Ақ орданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта сайлау қорытындылары А.Меркельдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жөніндегі қызметі мен Германияның халықаралық рөлін нығайтуға бағытталған саясатына көпшіліктің көрсеткен қолдауының нақты дәлелі екені атап өтілген.
«Соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы өзара қарым-қатынастар барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өткім келеді. Алдағы уақытта да біз елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге шығару үшін бірлескен күш-жігерімізді аямайтынымызға сенімдімін», – делінген құттықтау жеделхатында.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Федеральдық канцлерге зор денсаулық пен бақыт, ал достас Германия халқына мол игілік және бейбіт өмір тілеген.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады