• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚХА ҒСК ғылыми-оқыту базасы ретінде 2 алаң жұмыс істейді - Калашникова (Брифинг бейнебаяны)

ҚХА ҒСК ғылыми-оқыту базасы ретінде 2 алаң жұмыс істейді - Калашникова (Брифинг бейнебаяны)

5 Қараша, 2014 16:52
Ғылыми-сараптама кеңесі ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ алаңдарында іске асырылады. Бұл туралы бүгін ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы Наталья Калашникова мәлімдеді.

«Ғылыми-сараптама кеңесі ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ алаңдарында іске асырылады. Онда арнайы жұмыс органы – Орталық Азия ұлтаралық және дінаралық қатынас саласын зерттеу орталығы құрылған. Мұнымен қатар Академияда қазіргі таңда ҒСК мүшелері сұранысқа сай және қоғамдық мәні бар жобаларды жүзеге асыруда. Осы мақсатта саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, психологтар мен тарихшыларды жұмысқа араластырудамыз. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін алаң», - дейді ол.

Өз кезегінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекет басшысы тапсырмасымен ұлтаралық және дінаралық қатынастарды зерттеу орталығы құрылды. Орталықта мемлекеттік экносаясат: қоғамда мемлекеттік саясатты іске асыру, диаспорлық және көші-қон саясаты, өңірлік экносаясат пен өзге де салалар бойынша өзекті мәселелер айналасында семинар-тренингтер ұйымдастырылады.

Орталықтың ерекшелігі ретінде мемлекеттік қызметкерлер, этномәдени бірлестік жетекшілері мен ғылыми-сараптамалық топқа арналған оқыту және пікірталас алаңын құруды айтуға болады. Сонымен қатар, бұл өз кезегінде мемлекеттік аппараттың ұлтаралық қатынастарды үйлестіру саласында жүйелі жұмыстарды қалыптастырып, азаматтық секторды басқару мен оған қатысуына тиімді мүмкіндік береді.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар