- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда әуежайы халықаралық мәртебеге ие болды
Қызылорда әуежайы халықаралық мәртебеге ие болды
Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына 27 әуерейс жөнелтіледі, оның ішінде Астана қаласына «Эйр Астана» әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағымен – 7 рейс, Алматы қаласына «Airbus» және Embraer – 190 ұшағымен – 12 рейс жасалады. «SKAT» әуекомпаниясының «АН-24» ұшағымен Ақтау қаласына 2 рейс, Өскемен және Қарағанды қалаларына аптасына 3 рейстен ұшады. Қазіргі жолаушылар терминалы сағатына 150 жолаушы өткізсе, болашақта 500 жолаушыға дейін қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар жаңа заманауи терминал жұмыс істейтін болады.
«Бұрын қызылордалықтар шет елге бару үшін Астана және Алматы қаласы арқылы ұшатын еді. Бұл қаржы жағынан да, уақыт үнемдеу жағынан да тиімсіз болатын. Осыған байланысты ҚР Үкіметіне Қызылорда әуежайына халықаралық дәрежесін беру және заманауи сағатына 500 адамды жібере алатын «А» санатты жолаушылар терминалын салу туралы ұсыныс жіберілді. Ағымдағы жылдың қазан айында әуежай халықаралық дәрежесін алды, жолаушылар терминалының құрылысы басталып кетті»,- деп хабарлады басқарма басшысы.
«Қорқыт Ата» әуежайы АҚ бас директоры Сайлау Жаналин қазіргі уақытта AIR ASTANA, SKAT, INVESTAVIA (Қазақстан), TRANSAVIA (Ресей), PEGASUS (Түркия), EST AIR (Тәжікстан) және басқа да әуекомпаниялармен Бейжің, Стамбул, Мәскеу, Дубай қалаларына тікелей рейстер, сонымен қатар болашақта чартерлік халықаралық рейстер ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.
Конференция соңында Марат Бәйімбетов және «Қорқыт Ата» әуежайы АҚ бас директоры Сайлау Жаналин журналистердің сұрақтарына жауап берді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары