- Басты
- Жаңалықтар
- Азаматтардың құқықтарын сақтау тұрақты қоғамның іргетасы болып саналады
Азаматтардың құқықтарын сақтау тұрақты қоғамның іргетасы болып саналады
«Бұл отырыста қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің ТМД кеңістігіндегі, соның ішінде лаңкестікке және экстремизмге қарсы тұру саласындағы өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды», - делінген хабарламада.
«Біз жаңа сын-қатерлерді, лаңкестік ұйымдардың белсенді бола түскенін көріп отырмыз. Мұндай жағдайда ұлттық қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің жұмысын үйлестіру өте маңызды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті қауіпсіздік мәселесі Кеден одағының жұмысы жағдайында ерекше өзекті болып отырғанын айтты.
«Шекаралар ашылды, құқық бұзушылар елдер аумағында емін-еркін жүре алады. Осыған байланысты сіздердің бірлескен жұмыстарыңыз, бір-біріңізге көрсететін ілкімді ақпараттық қолдау баға жетпес мәнге ие», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев барлық азаматтардың құқықтарын сақтау, орнықты әлеуметтік-экономикалық даму қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның іргетасы болып саналатынына да назар аударды.
«Біз қазір әлемдік экономикадағы қиындықтар мен Украинадағы ахуал төңірегіндегі оқиғаларға байланысты жаңа сын-қатерлер таяп келе жатқанын сезіп отырмыз. Осыған байланысты мемлекеттерге бірінші кезекте ішкі сипаттағы шаралар қабылдау қажет. Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 5 жылда 800-ден астам кәсіпорын құрылды, көп жұмыс орындары ашылды. Осының бәрі мұнайға, газға және басқа да ресурстарға тәуелділікті азайта отырып, экономикалық оң ықпалын тигізуде. Келесі бес жылдықта біздің еліміз инновациялық дамуға ден қоятын болады», – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының айтуынша, инфрақұрылымдарды әрі қарай дамыту да басымдыққа ие болады.
«Біздің еліміздің аумағы кең, сондықтан инфрақұрылымдарға, автокөлік және теміржолдар, көпірлер мен өткелдер салуға зор көңіл бөлінуде. Атап айтсақ, Астанадан барлық бағытта мың шақырым жаңа автокөлік жолдарын салу жоспарлануда. Бұл жұмыс орындарын ашып, экономиканың жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары