Б.Әбдрасілов: Қазақстанда МЖС жобаларының 80% аймақтарда жүзеге асырылуда

5 Қараша, 2014 16:02
Қазақстанда МЖС жобаларының 80% аймақтарда жүзеге асырылуда, деп ағынан жарылды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдрасілов.

«Қазақстан мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында жобаларды жүзеге асыруды қажет етеді және олар әуежай, жол және денсаулық сақтау нысандарын салу және қайта құрумен тығыз байланысты»,- деп есептейді Б. Әбдрасілов.

Ол толықтырып өткендей, бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік жеке меншік  серіктестік аясында 31 жоба жүзеге асырылуда. Оның басым бөлігі, дәлірек айтсақ 80% аймақтарда жүзеге асырылуда.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес біз оларды белсенді пайдалануға берудеміз. Ол Қазақстан үшін жаңа іс. Көптеген түйінді түйіткілдер жиналды және олар шешуді қажет етеді. Бұл тұрғыда біз үшін халықаралық тәжірибе өте қымбат»,- деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ҚР ҰЭМ мәліметі бойынша, бүгінде түрлі дайындық кезеңінде жалпы құны 3,5 мрд долларды құрайтын 44 жоба бар. Аталмыш жобалардың негізгі бөлігі, атап айтар болсақ 44 жобаның 39-ы аймақтарға тиесілі және олардың жалпы құны 2,2 млрд доллардан кем емес.

Б. Әбдрасіловтың пайымынша, Қазақстанға шетелдік бизнеспен қоса отандық кәсіпкерлердің қаржысын тарту үшін қолайлы инвестициялық климат, құқықтық кеңістік пен жағдай жасалынуы керек.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар