Мемлекеттік саясаттың негізі – дұрыс салық жүйесі – Қ.Жақыпов

5 Қараша, 2014 17:03
Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов салық салу мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда талқылау барысында бірқатар маңызды жайттарға көңіл бөлді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Елбасының кәсіпкерлік пен бизнеске әрқашанда қолдау көрсететінін алға тартқан Мәжіліс Төрағасы кез-келген мемлекеттің экономика саласында салық саясатына басымдық берілетінін атап өтті. 

«Салық мәселесі кез-келген дамыған елде бірінші кезекте тұрады. Барлық елдерде адамдар ең алдымен салықты талқылайды. Олар қандай – жақсы ма, жаман ба? Ал біздер, кей кезде қай шенеунікті қайда қойғанын, кімді орнынан алып тастағанын, кімді ауыстырғанын талқылаймыз. Бұл маңызды емес! Ең негізгісі біздердің, депутаттардың, Үкімет мүшелерінің жақсы, тартымды салық жолында жұмыс атқарғанымыз»,-деді Қ. Жақыпов.

Сондай-ақ, Мәжіліс Спикері Қазақстанның салық саясатының бір орында тұрақтап қалмай, үнемі әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің үздік тәжірибесін пайдалануы қажеттігіне назар аударды. 

Жалпы отырыс барысында салық салу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қамтитын заң жобасын халық қалаулылары екінші оқылымда мақұлдады.

 

Барлық жаңалықтар