• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да халықтың көшіп-қонуының электронды картасы жасақталды - Ақпараттық орталық

ШҚО-да халықтың көшіп-қонуының электронды картасы жасақталды - Ақпараттық орталық

5 Қараша, 2014 19:43
Шығыс Қазақстан облысына денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықовтың жұмыс сапары аясында еліміздің жұмыс күші көп аймақтардан тұрғындарды ШҚО-ға көшіру бойынша халықтың көшіп қонуының электронды картасы таныстырылды.

Ақпараттық орталықтан хабарлағандай,  электронды картада  ШҚО-дағы  жұмыс күші жетпейтін елді мекендер көрсетілген.

«Нақты бір елді мекенге басатын болсаңыз онда қандай мамандардың жетіспейтіні, бос вакансиялар, жер учаскісі, мектеп, балабақша, ТжКБ алу мүмкіндіктеріде көрсетіледі. Сонымен қатар, картаны жасақтаған тұлғалар елді мекеннің суретінде орналастырған», - деп хабарлады ШҚО-ның жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Айжан Садықова.

«Электронды карта пайдалану үшін өте ыңғайлы және ашық. Енді бастығы іс жүзінде жүзеге асыруға көшу. ЖҚЖК-2020 бағдарлама аясында көшіп келгендерге субсидия белгіленген. Бұл азаматтарды жұмыспен қамту үшін жасалынуда», - деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері 15 мыңдай адам көшіп келді.

Қорыта келгенде, ШҚО-ға Бағдарлама шеңберінде көшіп келгісі келетіндер жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  сайтына кіріп жан-жақты ақпарат ала-алады немесе жергілікті салалық ведомсвтоға хабарласа алады. Тіпті, болашақ жұмыс берушісімен онлайн режимде сұхбаттаса да алады.

Барлық жаңалықтар