• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкшетауда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл моделін қалыптастыру мәселесі талқыланды

Көкшетауда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл моделін қалыптастыру мәселесі талқыланды

5 Қараша, 2014 18:48
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» тақырыбында «Еркін пікір» пікірталас алаңын өткізді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Азаматтық қоғам институттарын сыбайлас жемқорлықпен күреске жұмылдыруға негізделген шаралар жүйесін құру мақсатында диалогқа «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты  Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Жүнісова мен өзге де ЖҚБ жетекшілері, ЖОО мен арнайы оқу орындарындағы жастар саясаты комитеттерінің көшбасшылары мен өкілдері қатысты.

Ж. Жүнісова партияның жаңа бағдарламасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беруде барлық  деңгейдегі қызмет үлгісін құруды мақсат еткенін айтты. «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» идеологиялық брендін ілгерлету.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын тиімді жүзеге асыру үшін қоғамның қолдауы қажет. Қоғамдық қолдау күшейтілмесе, тек ішінара нәтиже береді. Сондықтан партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы негізінен азаматтық қоғаммен серіктестікке, қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға бағдарланған», - деді Жанар Жүнісова.

Қазіргі таңда жастарымыздың әлеуметтік желіде көп отыратындығы айдан анық «Ел болам десең бесігінді түзе» деп дана халқымыз айтып кеткендей, ең бірінші осы жастарымызға арнап әлеуметтік желідей блог ашып, ол парақшаға тіркеліп, кез келген жастар  жемқорлық болған жағдайда өздерінің ойларын осы парақшаға ашық жаза алады деген ұсыныс «Көкшетау студенттерінің Альянсы» КҚ көшбасшысы Әсемгүл Қазезқызынан түсті.

Көкшетау қаласындағы барлық студенттердің мүддесін қорғайтын ұйым басшысының пайымдауынша, жас азамат кез-келген ЖҰ мүшесі болса, жастар саясатының қоғамдық саласына араласса, жемқорлық қылмысқа алатын жазасын білетін болады. Сол себепті қылмыскерлер әрбір жастар ұйымдарының өкілдерімен мейлінше сақ болады. Осыған орай, өзіңнен бастауды және жас буынды жастар ұйымдарының белсенді мүшесі болуға шақырды. Әрбіріміз жемқорлық жайлы ашық сөйлейтін болсақ, оның салдарын көпшілікке жеткізіп, соған байланысты қылмыс деңгейін шегереміз.



 

Барлық жаңалықтар