ҚР-да бәсекелестік ортаға 24 нысан тапсырылды

5 Қараша, 2014 13:14
ҚР-да 2014 жылдың қазан айында бәсекелестік ортаға 24 нысан тапсырылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов мәлімдеді.

«Қазан айында 24 нысан сатылды.Олардың 14-і электронды сату арқылы жүзеге асты. Қазан айында сатылған ең қымбат нысан «МакЕкібастұз» ЖШС болып табылады, оның құны 1 млрд 21 млн теңге. «Қазығұрт-Оңтүстік» нысаны бойынша бәсеке көп болды, қатысушылар мен баға құны айтарлықтай жоғары болды. Екі нысан да «ҚТЖ» құрамында болатын», - деді ол.

Ол атап өткендей, сатылған нысандар коммуналдық қызмет, БАҚ, ауыл шаруашылығы және өндірістік салаға жақын.

Қаржы министрлігі атап өткендей, сатып алушылар 45 адам, оның 35-і заңды тұлғалар, оның ішінде бір резидент емес және 2 жеке кәсіпкер.

«Бүгінгі күні 82 нысан сатылды. Оның ішінде, республикалық меншіктегі 4, коммуналдық мешіктегі 35, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 30 нысан, холдингтер бойынша 13 нысан сатылды. Жалпы, сату бағасы 4,6 млрд теңгені құрады. Бұл бастапқы бағадан 1,5 есе артық»,-деп хабарлады комитет төрағасының орынбасары. 

Оның айтуынша, 2014 жылдың кешенді жоспарына сәйкес, сатуға 295 нысан шығарылды. Әкімдіктер, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар және Холдингтер сатуға тағы да 16 нысанды қосымша ұсынды. 311 нысан ішінен республикалық меншіктегі 20 нысан, коммуналдық меншіктегі 132 нысан, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 80, холдингтер бойынша 79 нысан сатуға шығарылуы тиіс. 

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар