- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы ҚР-ның Қауіпсіздік Кеңесін өткізді
Мемлекет басшысы ҚР-ның Қауіпсіздік Кеңесін өткізді
Отырыс басталар алдында оған қатысушылар Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовты бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Өткен соғыстың батыры, нағыз жауынгер. Тәуелсіздік жылдары ол бізбен бірге болды және өз Отанын сүйетін, еңбексүйгіштігімен, табандылығымен, ержүректілігімен ерекшеленген адам ретінде халықтың есінде қалды. Өмірлік тәжірибесімен біздің жас буынды тәрбиелеуге болатын жалпыхалықтық маңызы бар тұлғадан айрылдық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Отырыста геосаяси ортадағы өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанның даму стратегиясына және ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғырту шараларына қатысты мәселелер қаралды.
Қазақстан Президенті қазіргі әлемде қауіпсіздікке төнген қатердің азаймай отырғанын атап өтті. Олардың қатарында терроризм, әлеуметтік кикілжіңдер, жалғасып жатқан экономикалық тұрақсыздық бар. Осы орайда Мемлекет басшысы әлемдегі ахуалды ұдайы назарда ұстап, жағдайға орай ұлттық қауіпсіздік жүйесіне жедел түзетулер енгізу және бейімдеу үшін дер кезінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша Президенттің көмекшісі Е.Қазыханов, Президенттің көмекшісі – Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қ.Қожамжаров сөз сөйледі.
Отырыстың қорытындысында Қазақстанды өңірлік өзгерістер мен жаһандық ахуалға бейімдеуге, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар кешені мақұлданды. Атап айтқанда, бірқатар институционалдық, нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру шаралары көзделіп отыр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты