- Басты
- Жаңалықтар
- G-Global жаһандық проблемаларды талқылаудың жаңа форматын қарастырады – Тоқаев (Фото)
G-Global жаһандық проблемаларды талқылаудың жаңа форматын қарастырады – Тоқаев (Фото)
Қ.Тоқаев конференцияға қатысушыларға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді. Мемлекет басшысының үндеуінде G-Global жобасы аймақтық және халықаралық ауқымда табысты жүзеге асырылып келе жатқаны, дарынды жас адамдардың және қоғамдық ұйымдар мен бизнес құрылымдардың қуатты интеллектуалдық әлеуетіне ие екені атап өтілді. «Пікірсайыстың халықаралық тұрпаты тиімді басқару жолдарының қанат жаюы үшін G-Global-ды адамдардың, ресурстар мен қоршаған ортаның арасындағы өзара қарым-қатынастарда үйлесімді және қарқынды теңдікке қол жеткізушіге айналдырады», - делінген Н.Назарбаевтың құттықтау сөзінде.
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл конференцияның маңыздылығын атап өте келіп, Қ.Тоқаев өз сөзінде әлемдік дамудағы жаңа парадигмасын әзірлеу қажеттігін қазіргі замандағы қатерлер айқындап отырғанына тоқталды. Қазақстан осы мәселелерді шешуге өз үлесін қосатын болады.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаев әділетті және қауіпсіз әлем тәртібін қалыптастыру мақсатында әлемдік қоғамдастықты біріктіруге күш салуға бағытталған G-Global бастамасын көтерді. Бұл бастама жаһандық мәселелерді талқылаудың қағидатты түрдегі жаңа түрін қарастырады», - деді Сенат Төрағасы.
Парламенттің жоғарғы Палатасы басшысының пікірінше, халықаралық қатынастарда тең құқықтылық пен өзара құрмет қағидалары үстемдік құруы тиіс.
«Қазақстан қырғи-қабақ соғыстың таптаурын көзқарастарын еңсере отырып, өзара сенімді жаһандық тұрғыдағы іс-қимылдың негізі ретінде нығайта отырып, әлемдік экономиканы дағдарыстар мен рецессияның шырмауығынан шығаруға болады деген пікірді ұстанады. G-Global бастамасында көзделген ХХІ ғасырдағы әлемдік тәртіптің негізгі қағидалары көпполярлы әлемдегі біріккен берік іргетас болады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Қ.Тоқаев адамның орнықты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті өзгерістер туралы өз ойларымен бөлісті және жаңа парадигма туралы он тұжырымын ұсынды.
Шараға белгілі шетелдік және отандық сарапшылар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысып, білім беру реформаларын, ғылымның әлеуметтік жауапкершілігін, экономика мен экологияның ықпалдастығын, жұмыспен қамтуды, заң үстемдігін, қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары