- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 ұйымдастырушылары Азия-Тынық мұхиты елдерінің көрмеге дайындығы туралы мәлімдеді
ЭКСПО-2017 ұйымдастырушылары Азия-Тынық мұхиты елдерінің көрмеге дайындығы туралы мәлімдеді
Семинарда Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерімен сауда-экономикалық және ғылыми ынтымақтастық мәселесі талқыланып, көрмеге шетелдік инвесторлардың қатысуы да сөз болды.
«Бүгін біз халықаралық көрме қатысушыларын қатысу шарттарымен, берілетін мүмкіндіктермен таныстырып, аталмыш көрмеге дайындық барысын баяндаймыз. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі кең ауқымды ірі жобалардың бірі. Оның тақырыбы ретінде таңдалып отырған «Болашақтың энергиясы» жаһандық энергетикалық қатерлердің алдын алуда мәселені толықтай қамтиды. Тұрақты энергия көздерін дамытуға бағытталған стратегия, бағдарлама мен технологияны жан-жақты зерттеп, энергияүнемдеу өндірісі жоспарын дайындап, оны іске асырып, энергия ресурстарын тиімді пайдалану жолын қарастыру керек», - дейді ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев.
Айта кету керек, халықаралық сарапшылар Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қазіргі энергетикалық ахуалды айта келіп, ЭКСПО-2017 тақырыбы аясында осы елдердегі «Болашақтың энергиясы» туралы ойларын ортаға салды. Шараға қатысушылар тәжірибе алмасып, болашақтағы энергиямен қамтудың өзекті мәселелеріне тоқталып, Қазақстандағы баламалы энергия көздерін игеру мүмкіндіктерін айтысты.
Семинарды ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы ұйымдастырды. Сонымен қатар, семинарға Азия-Тынық мұхиты өңірінің 11 елі, атап айтар болсақ, Вануату, Шығыс Тимора, Кирибати, Маршалл аралдары, Науру, Палау, Соломонов аралдары, Самоа, Тонга, Тувалу мен Фиджидің энергетика және климаттық өзгерістер саласындағы сарапшылар қатысты.
Сонымен қатар, шара аясында қатысушылар фотоэлектрикалық модуль шығаратын «Astana Solar» зауыты мен «Назарбаев Университеті» АҚ аралады.
Индира Қауметова
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы