• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбеде «Ресей Федерациясының шекарасы - Шымкент» жолы учаскесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Ақтөбеде «Ресей Федерациясының шекарасы - Шымкент» жолы учаскесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

5 Қараша, 2014 12:19
Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Орал» - «РФ Шекарасы-Шымкент» автожолының ұзындығы 33 шақырым болатын учаскесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, жүргізілген жұмыстардың барысымен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов танысты.

Жолды жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын басталған. Жобаның құны 6,8 млрд. теңгені құрады. Енді автожол барлық қажетті техникалық параметрлерге сәйкес. «Жөндеу жұмыстарына  жергілікті халықтан 281 адам тартылды. Сонымен бірге, отандық өнімдегі құрылыс материалдары пайдаланылды»,- деп атап өтті жоба жетекшісі «Қазақжол құрылысы» өкілі Александр Турбай. 

Барлық жаңалықтар