- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да ауылшаруашылығы маңызындағы 486,3 мың га жер мемлекеттік қорға қайтарылды - әкімдік
ОҚО-да ауылшаруашылығы маңызындағы 486,3 мың га жер мемлекеттік қорға қайтарылды - әкімдік
Облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Созақбай Әбдіқұловтың айтуынша, ауылшаруашылығы маңызындағы жерлерді тиімді пайдалануды артыру мақсатында жер учаскілерін түгендеу 3 бағытта жүргізіледі. Олар ауылшаруашылығы, жеке тұрғын үй салу және кәсіпкерлік мақсаттағы жерлер.
«Бірінші бағыт бойынша 605,0 мың га игерілмеген жақ анықталып, оның 486,3 мың га аудандық арнайы жер қорына қайтарылды. Анықталған және қорға қайтарылған жер учаскілері бойынша 122 байқау өткізіліп, 2529 жеке және заңды тұлғалар оның жеңімпазы атанды. 316,7 мың га жер ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге берілсе, 144,0 мың га - заңды тұлғаларға үйлестірілді», - деді С.Әбдіқұлов.
Сонымен қатар, 9 айда жерді жалға беру және сату нәтижесінде бюджетке 1 млрд 402 млн 260 мың теңге түсті. Ал, мүлікті түгендеу аясында анықталған 27,3 мың га пайдаланылмайтын жер қожайыны жоқ ретінде тіркелді. «ЖТҮҚ саласына мақсатқа сай пайдаланылмай келе жатқан 16 мың 735 жер учаскісі анықталды. Олардың 7 605 мемлекетке қайтарылды, 8228 жерқожайындары үй сала бастады», - деп әкімдіктен толықтырды.
Ал, кәсіпкерлік бойынша 561 жер учаскісі пайдаланылмай келе жатқаны белгілі болды. Олардың 43 мемлекетке қайтарылды.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды