- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Сұлтанов: Дуальды білім алудың маңызды факторы – жұмыстан кетпей-ақ мамандық бойынша білім алу
Е. Сұлтанов: Дуальды білім алудың маңызды факторы – жұмыстан кетпей-ақ мамандық бойынша білім алу
Әкімдіктен хабарлағандай, бүгінде аймақта дуальды білім берумен 2 мыңнан астам адам қамтылған. Оқу орындары 48 кәсіпорынмен жаңа жүйе бойынша кадрларды даярлау мақсатында келісімге отырды. Ірі серіктестер - алпауыт зауыттар мен облыс ұйымдары.
Аймақ басшысы атап өткендей, бүгінде техникалық және кәсіби білім беру бойынша жалпы міндетті стандарттар өзгертілуде, бірнеше біліктілікті алу үшін модульды бағдарламалар жасақталған.
«Дуальды білім алудың маңызды факторы - жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан кетпей-ақ мамандық бойынша білім алу. Бұл туралы Елбасы өзінің халыққа Жолдауында нақты бағыт берген», - деп атап өтті Е. Сұлтанов.
Айта кетерлік жайт, 15 қазанда елімізде Дуальды білім берудің жол картасы мақұлданды. Оған СҚО-ның 12 колледжі енді. Соңғы 3 жылда облыста техникалық және кәсіби білімге бөлінетін қаржы 1,5 есе өсті. Осы жылы бұл салаға 3 млрд теңге бөлінді.
Білім басқармасының басшысы Шолпан Қаринованың айтуынша, жыл сайын 4 мыңға жуық түлек еңбек нарығына шығарылады. «Олардың басым бөлігі - 70% - алғашқы жылда мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. 2012-2013 жылдар бойы аймақта 11 мамандық бойынша дуальды білім беруді енгізетін 6 сынақ алаңы жұмыс істеді. Алғашқы оқу жылының қорытындысы бойынша әлеуметтік серіктестер өндіріске жақындату үшін оқу бағдарламасына өзгертулер енгізді», - деп атап өтті ол.
Бұдан басқа, келелі кеңеске Ресейдің мамандары да келді. Мұндай дуаль ды білім беру жүйесі ресейлік оқу орындарында жоқ. Сондықтан да көрші елден келген педагогтар аталмыш сала бойынша барынша ақпарат жинап қайтпақшы.
Алқа мәжілісінің соңына қарай СҚО-ның білім басқармасы, «Өрлеу» Ұлыттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ мен «Республикалық ғылыми әдістемелік орталық»АҚ-ның филиалы дуалды білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімге отырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда