• Басты
  • Жаңалықтар
  • Республикалық бюджеттен 2014 жылға түсімдердің нақтыланған болжамы 6 107,4 миллиард теңгені құрады

Республикалық бюджеттен 2014 жылға түсімдердің нақтыланған болжамы 6 107,4 миллиард теңгені құрады

5 Қараша, 2014 09:02
Республикалық бюджеттен 2014 жылға түсімдердің нақтыланған болжамы 6 107,4 миллиард теңгені құрады . Бұл мәлімет Сенат комитетінде 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бююджетке өзгерістер туралы заң жобасы қаралған кезде белгілі болды.

Сенатта хабарлағандай,  Заң жобасы Ұлттық қордан қосымша тартылған мақсатты трансферттерін пайдалана отырып, 2014 жылғы тоғыз айындағы іс жүзіндегі түсімдер мен шығыстардың қорытындысы бойынша есептеулерді нақтылаулар бойынша еліміздің биылғы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгерістеріне байланысты әзірленді.

«Республикалық бюджеттен 2014 жылға түсімдердің нақтыланған болжамы 6 107,4 миллиард теңге болып белгіленді, оның ішінде 2014 жылғы бекітілген жоспарға қарағанда 420,7 миллиард теңгеге азайып, трансферттерді есептемегенде 3 940,4 миллиард теңге сомасындағы кіріс көзделіп отыр. Бұл ретте салық түсімдерінің азаюы 460,5 миллиард теңгені және салық емес түсімдердің ұлғаюы 39,5 миллиард теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

Бюджет түсімдерінің нақтыланған болжамын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін мақсатты трансферттер мен тапшылықтың ұлғаюын ескере келгенде, 2014 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары 7 190,3 миллиард теңгені құрайды.

Бұл ретте бюджет шығындары 259,5 миллиард теңгеге қысқарады. Шығындарды қысқартуға орай шығыстар Қаржы министрлігінде жалпы сомасы 70,8 миллиард теңгеге, Инвестициялар және даму министрлігінде - 45,8 миллиард теңгеге, Білім және ғылым министрлігінде - 26,1 миллиард теңгеге, Ішкі істер министрлігінде – 22,1 миллиард теңгеге, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде - 21,6 миллиард теңгеге, Ауыл шаруашылығы министрлігінде - 19,1 миллиард теңгеге қысқартылды.

Одан басқа, тапшылықты 1 082,8 миллиард теңгеге немесе Жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызына дейін ұлғайту көзделуде.

 

 

 

Барлық жаңалықтар