- Басты
- Жаңалықтар
- «Технологияны коммерциялау» бағдарламасы аясында 1300 өтініштен 50 жоба іріктелді – Сәрінжіпов
«Технологияны коммерциялау» бағдарламасы аясында 1300 өтініштен 50 жоба іріктелді – Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Дүниежүзілік банк қолдауымен «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС шара ұйымдастырушысы болып табылады.
Форум мақсаты ғылым мен нарықтың байланысу амалдарын дамыту, қазақстандық және шетелдік инвесторлардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдаулық жобаларға назарын салдырту, сонымен қатар ғылыми-зерттеу ұйымдары, өнеркәсіп, өндірістік кәсіпорындар үшін технологиялық ұсыныстарын қалай тиімді жасау қажеттігі туралы тәжірибе бөлісу.
Форум барысында АҚШ, Нидерланды, Сауыд Арабиясы, Ресейден келген халықаралық сарапшылар инновация мен коммерцияландыру саласында жобаларды жасап, сәтті жүзеге асырған үлгілері туралы тәжірибелерімен бөлісуде. Сонымен қатар, «Технологияларды коммерцияландыру» мемлекеттік жобасы аясында қолдау тапқан қазақстандық инноваторлар өз жұмыстарымен таныстыруда.
«Технологияларды коммерциялау» түсінігі Қазақстанда бертін пайда болды. Негізі ғылыми жобаларды өндіріске енгізуді білдіреді. Коммерцияландырудың мақсаты - бірегей технологияларды жасаудан бастап бизнес-өнімге дейін қолдау. Қазақстанда «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы 2008 жылдан бері Қайта жөндеу және дамыту халықаралық банкі (Дүниежүзілік банк) қарызы туралы Келісім аясында жүзеге асуда.
2011-2013 жылдар аралығында 33 инновациялық жоба 4,5 млрд. теңге көлемінде қолдау тапты, және Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті негізінде материал жасау халықаралық орталығы ашылды. Ал «Технологияны коммерциялау» бағдарламасы аясында 1300 өтініштен 50 жоба іріктелді.
2013 жылы «Технологияны коммерцияландыру орталығы» ЖШС құрылып, аталған жұмысты жалғастырды. Технологияларды коммерциялау үрдісі толықтай Білім және ғылым министрлігінің жанындағы жобаларды басқару тобының бақылауында.
«Технологияларды коммерцияландыру» гранттық бағдарламаның бірінші кезең нәтижесі бойынша 710 млн.теңге көлемінде 16 жоба іріктелді. Екінші кезең нәтижесі 2014 жылғы желтоқсан айының басында жария етіледі
Бүгінде еліміз үшін технологияларды коммерцияландыру маңызды бағдарлардың бірі болып табылады. Қазір елде осы сала бойынша маманданған 100 шақты менеджер бар. Алайда, халықаралық тәжірибеге сай технологияларды коммерцияландыра алатын менеджерлердің саны 600-ден кем болмауы тиіс. Сондықтан, Орталық технологияларды коммерцияландыру үрдісін іске асыру үшін гранталушылармен жұмыс жасаумен ғана шектелмей, білімдерін тарату жүйесін де қалыптастыруда.
Индира Қауметова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді