- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық киім шығарушылар әлемдік нарыққа шықты
Қазақстандық киім шығарушылар әлемдік нарыққа шықты
«Kaznex Invest экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі ұйымдастырған «Made in Kazakhstan» ұлттық стендінде өз өнімдерін белгілі алматылық киізден жасалған қолөнер бұйымдарының өндірушісі «Aigul-line» ЖШС компаниясы, «AidaKaumeNOVA» сән үйі өзінің әйелдерге арналған дайын киімдерін, «ENDEAVOUR» ЖШС — «Iron bear» брендімен спорттық киімдерді және «Caramel» брендімен балалар киімдерін таныстырды», - деп жазылған хабарламада.
Сымбат сән академиясы әйелдер киімін және мектепке арналған киімді, «Glasman» ЖШС — мектеп киімі мен ерлерге арналған костюмдерді таныстырды.
Ұлттық стендке қатыстырылу үшін компаниялар өндірістердің экспорттық потенциалы негізінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп қауымдастығымен бірлесе отырып іріктеліп алынды. Көрме кәсіпорындарға өз ісін шетелде кеңейтуге және сатып алушылар мен серіктестерді табуға көмектеседі деп күтілуде.
Статистикаға мәліметтері бойынша , қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің бүгінгі күні басты экспорттық позициялары мақта талшықтары мен жүн болып отыр.
Kaznex Invest өз алдына қойып отырған мақсаттардың бірі — отанымызда шығарылған дайын киімдерді экспорттаудың көлемін арттыру. 2014 жылы ұлттық агенттік қазақстандық сәнгерлердің ірі халықаралық алаңдарда қатысуын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды