- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Армения сот жүйесі саласында ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан мен Армения сот жүйесі саласында ынтымақтастықты нығайтады
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасында қарым-қатынастың қарқынды және көпжақты даму сипатына ие екендігін атап өтті. Қазақстан мен Арменияны ортақ тарих пен халықтар достығы жақындастырады.
«Біздің елдеріміздің арасындағы көпжақты ынтымақтастық құқықтық саладағы қарым-қатынасты дамытудың негізгі өзегі болып табылады» - деді Қ.Мәми.
Қайрат Мәми соттардың жүктемесін азайту тетіктерінің тәжірибеде іске асырылу барысы туралы да айтты. Бұл бағытта қолға алынған негізгі жүйелі жұмысқа бітімгершілік рәсімдер мен медиацияны қолдану арқылы дауларды соттан тыс реттеу институты жатады. 2014 жылдың 9 айының өзінде медиаторлардың қатысуымен 7 701 іс аяқталған.
Тараптар бұл сапардың екі елдің сот ісін жүргізу саласында жаңа тәсілдерді зерделеу, сондай-ақ сот жүйесін дамыту бойынша тәжірибе, ақпарат және жетістіктермен алмасу тұрғысындағы маңыздылығына тоқталды. Әңгімелесушілер сот жүйесіндегі ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті.
Әңгіме барысында Армения Республикасының Әділет министрі Ованнес Манукян өзінің Қазақстанға алғаш рет келгенін және Астана қаласының сәулеті мен Қазақстандағы әріптестерінің қарсы алуы ерекше әсер еткенін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды