Ақтауда «Өз ісінің маманы 2013» байқауының жеңімпаздары марапатталды

24 Қыркүйек, 2013 15:53
Маңғыстау облысының әкімдігінде мемлекеттік құрылыс, экономиканы дамыту және Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту салалары бойынша «Өз ісінің маманы 2013» байқауы жеңімпаздарының салтанатты марапаттауы өтті, деп хабарлайды облыстың ақпарат бөлімі.

«Биыл Республика бойынша 10-ыншы «Өз ісінің маманы 2013» халықаралық байқауы өтті. 2002 жылдан бастап ТМД елдері мен Кедендік Одақ елдерінде кәсіпкерліктің  жетекші коммерциялық емес жалпымемлекеттікрейтингі болып табылатын кешенді рейтингтік жоба болып табылатын ұлттық кәсіпкерлік көрсеткіші жұмыс істеп келеді», - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысынан «Экологиялық зерттеу лабороториясы» МКК мен «Жасыл  әлем» МКК кәсіпкерлік қызметтің жоғары бағасына ие болды.

Ал елдің ең үздік кәсіпкерлері Астанадағы Ресей, Украина, Белорусь пен Қазақстан экономикасының кәсіпкер-көшбасшыларының халықаралық форумында анықталды.

 

Барлық жаңалықтар