- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы Қазақ хандығының мерейтойына орай 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады
2015 жылы Қазақ хандығының мерейтойына орай 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады
Қазақ мемлекетінің тарихы қазақ хандығынан бастау алады, келер жылы Жәнібек пен Керей құрған қазақ хандығының 550 жылдығы тойланады.
«Министрлік қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудің тұжырымдамасымен бірге, іс-шаралар жоспарын да әзірлеген. Оған сәйкес, келесі жылдың басынан қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеу мәселелерін талқылау бойынша жобалар іске асырыла бастайды. Соның ішінде қазақ мемлекеттілігі туралы ақпараттарды анықтау мақсатында Батыс Еуропа, Ресей, Түркия, Қытай, Иран, Египет, Өзбекстан сияқты елдердің мемлекеттік мұрағаттары мен музейлерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында іздестіру жұмыстары қолға алынады. Жалпы, келесі жылы мерейтойға орай 100-ге жуық ірі шара өткізу жоспарланған.
Министр атап өткендей, шараға орай сериалдарды, деректі фильмдерді түсіру жұмыстары басталады.
Айта кетейік, сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен атаулы күндерге (Наурыз, Жеңіс күні, Мемлекеттік рәміздер күні, Астана күні және т.б.) байланысты барлық іс-шаралар Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өтеді.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»