- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ-да дарынды балаларға арналған байқау өтті
ҚТЖ-да дарынды балаларға арналған байқау өтті
«Екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға еліміздің барлық өңірлерінен 5-пен 8 жас аралығындағы 30 балдырған қатысып, өнерлерін ортаға салды.Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде жас өнерпаздар өздерін таныстырған болса, екінші кезеңде өз өнерлерін көрсетті. Балалардың барлығы да байқауға үлкен дайындықпен келген», - делінген хабарламада.
Сондықтан, байқауға қатысушылар «Қазақстан темір жолының балғын аруы» мен «Қазақстан темір жолының балғын сұлтаны» номинацияларымен қатар, «Кішіпейіл балғын ару», «Көрермен көзайымы», «Өнерлі балғын сұлтан» секілді номинациялармен марапатталды. Қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтарға ие болды.
«Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз ата-анасы теміржол саласында қызмет ететін талантты балаларды анықтау, көркемөнерпаздарды қолдау, корпоративтік мәдениетті дамыту және «ҚТЖ»ҰК» АҚ қызметкерлері мен олардың отбасын қоғамдық іс-шараларға тарту» - дейді «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның Әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Қорлан Медіханова.
Айтып өту керек, байқауға қатысу үшін Астанаға арнайы келген балдырғандар үшін арнайы мәдени бағдарлама да ұйымдастырылды. Олар Астана қаласының мәдени орындарымен танысып, ойын-сауық орталықтарында болды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады