«Қазақстан темір жолы» АҚ ресертификациялық аудиттен сәтті өтті

4 Қараша, 2014 16:17
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ресертификациялық аудиттен сәтті өтті, деп хабарлады ҚТЖ.

««Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 стандарттарының талаптарына жауап беретін менеджменттің біріктірілген жүйесінің бірінші ресертификациялық аудитін ойдағыдай өтті», - делінген хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшылығы мен қызметкерлері процестер басқарылып отырған жағдайда екендігін, ресурстармен қамтамасыз етілгенін, түзету және алдын алу іс-қимылдары және процестерді жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқандығын құжаттай растады.

 

Барлық жаңалықтар