• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан экономикасына құйылған шетелдік тікелей инвестиция 12,4 млрд теңгені құрады

Қазақстан экономикасына құйылған шетелдік тікелей инвестиция 12,4 млрд теңгені құрады

4 Қараша, 2014 15:47
Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей инвестиция ағымы 2014 жылдың 1-ші жарты жылдығында 12,4 млрд теңгені құрады.

Осы уақыт  аралығында Нидерланды, АҚШ, ҚХР, Швейцария, Франция, Ұлыбритания негізгі инвесторлар болды, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігі.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында алға қойған тапсырмасы бойынша Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция ағымын қамтамасыз етілуде. Қазақстанда осы мақсатта барлық жағдай жасалынған.

Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей инвестиция ағымы 2014 жылдың 1-ші жарты жылдығында 12,4 млрд теңгені құрады. Бөліп айтар болсақ, аталмыш қаражаттың 5 млрд доллары кен өндірісі саласына, 3 млрд доллары кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтерге, 1,5 млрд доллары өңдеуші өнеркәсіпке, тағы 1,5 млрд доллары көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу саласына және 1,4 млрд доллары өзге салаларға тиесілі.

Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіпке биылғы жылдың бірінші жартысына салынған шетелдік тікелей инвесиция көлемі 1,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Барлық жаңалықтар