• Басты
  • Жаңалықтар
  • 5 қарашадан бастап халықтық IPO бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларының сатып алуға өтініштер қабылдана бастайды

5 қарашадан бастап халықтық IPO бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларының сатып алуға өтініштер қабылдана бастайды

4 Қараша, 2014 12:48
5 қарашадан бастап халықтық IPO бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларының сатып алуға өтініштер қабылдана бастайды. Бұл туралы бүгін «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Үкімет қаулысына сай Қазақстандық қор биржасына акциялардыың 10 пайызы салынады. Әр акция құны 505 теңгеден. Акция сатып алуға өтінімдер 5 қараша мен 3 желтоқсан аралығында бір ай бойы қабылданады. Ал 19 желтоқсаннан бастап еркін айналым басталады. IPO кезінде ҚР азаматтары, жеке тұлғалар мен жекелеген инвесторлардың қатысуына басымдылық беріледі», - дейді.

Сонымен қатар басқарма төрағасының айтуынша, өтінімдер шектеусіз қабылданады. 14 мың акцияға дейін өтінім берген барлық бөлшек инвесторлар толықтай қанағаттандырылады, егер сұраныс ұсыныстан асып кетпесе.

«Өтінім құнына қарамастан акцияларды беру әрбір инвесторға тиісінше беріледі. Егер сұраныс жоғары болса, барлық бөлшек инвесторлар арзан сомамен өтінім беріп, әрқайсысы қанағаттаныдырылатын болады», - дейді Б.Қажиев.

Б. Қажиевтің айтуынша, компания акциялары инвесторлардың өз бизнестерін арттыруға, сонымен қатар ел экономикасын көтеруге мүмкіндік береді.

«Біздің ойымызша, тұрақтылықты негізге алып бекітілген акция құны инвесторлардың салған қаражатының тұрақты өсуіне мүмкіндік беріп, Қазақстанды дамыта түспек», - дейді

Индира Қауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар