• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ғ.Ахмедьяров Мәдениет және спорт министрінің орынбасары болып тағайындалды

Ғ.Ахмедьяров Мәдениет және спорт министрінің орынбасары болып тағайындалды

4 Қараша, 2014 14:46
2014 жылдың 3 қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғалым Ахмедьяров ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады ведомство.

«Ғалым Ахмедьяров 1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын «Домбыра» мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыкалық өнер» мамандығының аспирантурасын тәмамдады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ әуендері» АҚ басқарған Ғ. Ахмедьяров  «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2010), «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2004), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты болып табылады.

Барлық жаңалықтар