- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында тау-кен қайта өңдеу өнеркәсібі үшін кадрлар дайындалады - ҰКП
Алматы облысында тау-кен қайта өңдеу өнеркәсібі үшін кадрлар дайындалады - ҰКП
Жобаға уатқыш машина операторы, ұн тартушы, тас бойынша кесуші және басқа да жұмысшы кәсіптерді даярлау, қайта даярлау және біліктілікті көтеру кіреді. Негізгі мақсаты – Текелі қаласының кәсіпорындарын білікті мамандармен қамтамасыз ету. Алайда ағымдағы мақсат та бар – курстық даярлау түріндегі дуалды оқыту элементтерін енгізу.
1999 жылдан бері саны 10-ға жетіп жығылған Текелідегі мәрмәрді қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар мәселені өз беттерінше шешуге тырысқан. Олар жұмысқа маман емес адамдарды қабылдап, оларды сол жерде оқытады. Алайда бұның шығыны да жетерлік және көбінесе өзін ақтап шыға қоймайды. Палата бұл проблемаларды шешудің қарапайым шешімін ұсынады. Бұл екі және одан да көп ұқсас мамандықтар бойынша біліктілікке ие КжТББ түлектердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру, жұмыс берушілермен тығыз байланысты ұйымдастыру және олардың еңбек кадрларын даярлауға деген талаптарын есепке алу, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу, сондай-ақ колледждердің жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға мемлекеттік қаржы жетіспеушілігінің орнын толтыру және, сәйкесінше, жастардың жұмысқа қамтылу тиімділігін көтеру.
Бұл жобада Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы қатысушылардың әрекетін үйлестіреді, «Республикалық ғылыми-әдістемелік орталық» АҚ жобасына тарту арқылы кәсіби даярлық деңгейіне және инженерлік-педагогикалық кадрларға баға береді.
Орталық Азия университеті білім алушылар үшін білім беру жағдайларын қамтамасыз етеді, оқу бағдарламаларын әзірлейді. Ал үшінші тарап – кәсіпорындар оқытудың тапсырыс берушілері болып табылады, білім алушылар тізімдерін және даярлық деңгейіне талаптарын ұсынады, жобаны қаржыландырады және өндірістік оқытуды ұйымдастырады.
Мамандар даярлығы мәселесін талқылай келе бірқатар кәсіпорындар басшылары өздерінің теориялық әрі тәжірибелік көмектерін ұсынды. Осылайша, жоба бизнес-кадрлармен қамтамасыз етеді, ал жұмыссыздарды – біліктілікпен және тұрақты жұмыспен.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі