- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Еуроодақтың энерготиімді технологиялар қолданудағы тәжірибесін зерделеуде
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Еуроодақтың энерготиімді технологиялар қолданудағы тәжірибесін зерделеуде

Іс-шараның басты мақсаты - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбын және оның «Энерготиімді өмір салты» тақырыпшаларын талқылау. Ол энергия пайдаланудағы сапалы жақсартуларды, атап айтқанда, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін неғұрлым аз энергия көлемін тұтынуды білдіреді.
«Болашақ энергиясы» тақырыбы таяу болашақта үздік әлемдік тәжірибе, инновациялық технологиялар әзірлеудің, ендірудің және пайдаланудың өзектілігін тұрақты дамудың міндетті шарты ретінде ерекшелейді. Осы орайда, дөңгелек үстелдің тақырыбы болып инновациялық технологияларды қала жоспарлауға ендіру энерготиімді өмір салтының маңызды құраушысы ретінде таңдалды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өкілдері, жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ Marjan Colletti (Ұлыбритания), Elvira Ockel (Германия), Giovanna Rossato (Италия), Andre Schmidt (Германия), Marco Poletto (Ұлыбритания), Әсия Нұрдыбаева сияқты «жасыл» технологиялармен және шешімдермен айналысатын белгілі сәулетшілер қатысты.
«Сәлемдеме сөзін қатысушыларға Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов арнады. Содан соң «Болашақ энергиясы: басты тенденциялар, шақырулар және келешек» панельді сессиясы барысында қатысушылар энерготиімділіктің жаһандық және өңірлік деңгейлерде дамуының алғышарттарын, мінез-құлық стереотиптерінің өзгеруін және жауапты, энерготиімді өмір салтының қалыптасуын талқылады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Мазмұн және көрмеден кейінгі пайдалану департаменті директорының орынбасары Эльмира Ермекова Астанадағы Халықаралық көрмені өткізуге дайындық барысы туралы айтып берді», - делінген хабарламада.
«Инновациялық шешімдер» панельді сессиясы барысында семинарға қатысушылар адам өмірінің келешекті дамуының модельдерін, жетекші зерттеу институттарымен тұрақты дамудың сәулет тұжырымдамаларын шығаруды талқылады, сондай-ақ ұсынылған инновацияларды Қазақстанда қолдану мүмкіндігін бағалады.
ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада 2017 жылы 10 маусым және 10 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100 ел, кемінде 10 халықаралық ұйым, инновациялық технологиялардағы 10 көшбасшы-компания қатысатыны жоспарланады. Жалпы алғанда, көрмеге 5 миллионға жуық келіп-кетулер және 2 миллионнан астам келушілер күтілуде.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі
-
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті
-
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды
-
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды
-
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам

