ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салынады

4 Қараша, 2014 11:18
ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев пен «POSKO e&c» және TEC Simecheon корей компаниясы өкілдерімен кездесу барысында Өскемен қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысы мен Бұқтырма өзені үстінен салынатын көпір құрылысы талқыланды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

«Ұзындығы 2 шақырымдық көпір құрылысының құжаттары толықтай дайындалды. Енді тез арада жұмысқа кірісу керек. 300 орындық клиникаға келер болсақ, мәселе қазір ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарауында жатыр», - дейді өңір басшысы.

Айта кету керек, жобаның жалпы құны 230 млн АҚШ долларын құрайды.

Өз кезегінде POSCO e&c компаниясы өкілі Хон Дан Кван облыс әкімінің көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

«Өңірде заманауи көпір мен аурухана қызмет етуі үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз», - деді Хон Дан Кван.

Естеріңізге сала кетейік, «POSCO e&c» компаниясы құрлыс-өндіріс саласы бойынша әлемдегі ең үздік компаниялардың қатарында.

Барлық жаңалықтар