СҚО-да онкологиялық аурулардың өмір сүру ұзақтығы жақсарды - әкімдік

4 Қараша, 2014 10:32
Солтүстік Қазақстанда онкологиялық аурулардың өмір сүру ұзақтығы жақсарды, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

«Денсаулық сақтау басқармасы мен ведомствоға бағынышты медициналық органдар  Солтүстік Қазақстан облысындағы 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы аясында онкологиялық ауруларды алдын-алу шараларын өткізуде. Ауруды алғашқы кезеңде анықтау және жедел емдеу шараларына көшу мақсатында кешендік және жеке бақылаулар, скринингтік бақылаулар жүргізілуде», - делінген хабарламада.

«Айта кетерлік жайт, кешенді жүргізілген шаралардың нәтижесінде соңғы 10 жылда онкологиялық сырқаттан қайтыс болу көрсеткіші төмендеді. Бүгінде заманауи диагностика мен науқастардың өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай жақсарды», - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қабдрахман Сақтағанов.

Барлық жаңалықтар