- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Корей даму институтының сарапшылары семинар өткізеді
Астанада Корей даму институтының сарапшылары семинар өткізеді
«Семинарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, электроэнергетика, құрылыс және сәулет, мемлекеттік-жекеменшік және басқа да салалармен айналысатын орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов алғы сөзінде МЖӘ халықаралық тәжірибесін зерделеу мүмкіндіктері, мемлекет бизнеспен бірлесе жүзеге асыратын жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері туралы айтты.
Сабақты Корей даму институтының Мемлекеттік-жекеменшік инфрақұрылым инвестицияларын басқару жөніндегі орталықтың сарапшылары Ли Ква Соп, Ли Вон Сок и Ю Чин Сок жүргізеді.
Семинар барысында Оңтүстік Кореяның жоғары білікті сарапшылары Корей даму институтының Мемлекеттік-жекеменшік инфрақұрылым инвестицияларын басқару жөніндегі орталықтың жұмысы туралы және Кореядағы МЖӘ ұйымдастыру құрылымы жайлы баяндайды. Сонымен қатар МЖӘ-нің құқықтық жүйесі, жобалық қаржыландыруы және нақты жобаларын іске асыру процесі туралы толық мәлімет береді.
Семинар шеңберінде ағымдағы жылдың 5 қарашасында ҚР Ұлттық экономика министрі Е.А. Досаевтың, «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасы
Қ. У. Бишімбаевтың, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.С. Абдрасиловтың, Еуропа және Орталық Азиядағы IFC директоры Томаш Тельманың және ұлттық компания басшыларының, сондай-ақ Үндістан, Венгрия, Түркия, Иордания, АҚШ пен Ресейдің шетелдік сарапшыларының қатысуымен «Жеке сектордың инвестицияларын МЖӘ жобалары арқылы инфрақұрылымға тарту» тақырыбында форум өтеді.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру