- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Шабыт» халықаралық фестивалі басталды
Астанада «Шабыт» халықаралық фестивалі басталды
Биылғы фестиваль бұрынғылардан өзгерек. Биыл «Халық музыкасы» мен «Камералық хор» аталымдары қосылған. Осылайша жас дарындардың шығармашылықтарын шыңдай түсуге үлкен жол ашылып отыр.
«Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, «Халық музыкасы» аталымына көршілес Қытай Халық Республикасында өмір сүретін қазақ жастарынан көп өтініш түсіп отыр. Біздің Қытай елінен келетін қандастырымыз шарада өздерінің шығармашылықтарын таныстырып, сазсырнай, сыбызғы, най, жетіген мен шатхан аспаптарында күй тару қабілеттерін ортаға салады», - делінген хабарламада.
Шабыт байқауына қатысуға өтініш беру көрсеткіші бойынша республика көлемінде Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы көш бастап тұр.
Аталмыш байқауда бас жүлдеге Қазақстан Республикасы Президенті Кубогы, гран-при мен 1, 2, 3 орындарға «Лауреат» атағы мен «Шабыт» медалі берілмек. «Шабыт» халықарылық фестиалінде «Дипломат» атағын алу жастардың үлкен сахнаға шығуына серпін бермек.
Шараның маңызды бір бөлігі ретінде әлемдік деңгейдегі өнер майталмандарының қатысуымен шеберлік сыныптарының өткізілетінін естеріңізге саламыз.
Шараны ұйымдастырушылар Астана қаласы әкімдігі, Астана қаласы Мәдениет басқармасы мен Қазақ Ұлттық өнер университеті.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты