Кәсіпорындардың кластерлік жүйесі оң нәтиже көрсетуде - ҚазАгро

3 Қараша, 2014 18:27
«Семипалатинский мясокомбинат» ЖШС мен «ТаразКожОбувь» ЖШС-ның «ҚазАгроӨнім» АҚ қатысуымен кластерлік жүйе бойынша жұмыс істеуі оң нәтиже көрсетті, деп хабарлады «ҚазАгро».

««Семипалатинский мясокомбинат» ЖШС-ға Қоғамның қаржылай қолдауы  1,0 млрд теңгеге жуық қаражатты құрады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде кәсіпорынның өнімі 2009 жылғы 600,0 млн теңгеден, 2013 жылы 2 500,0 млн теңгеге дейін өсті. Қазіргі таңда комбинат тұрақты жұмыс істеп келеді, тіпті Ресей Федерациясының тұтынушыларының байланыс орнатылған. 2013 жылы  235,0 тонна ет пен етөнімдері экспортталса, 2014  жылы оны 450,0 тоннаға дейін жеткізу көзделген», - делінген хабарламада.

Мал шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу бойынша бірыңғай кластер «ТаразКожОбувь» ЖШС Қоғам тарапынан былғары шикізатын сатып алуға және өңдеу үшін  1,0 млрд теңгеден астам қаржыны тартуға септігін тигізді.

Бүгінгі таңда «ТаразКожОбувь» ЖШС елімізде былғары жартылай фабрикаттар мен  таза былғары өнімдерін дайындайтын жетекші кәсіпорын.

Осы жылы былғары тауарларының экспорты 751 584,6 мың теңгеге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы «ҚазАгроӨнім» АҚ қатысуымен және жергілікті билік органдарының араласуымен «Семипалатинский мясокомбинат» ЖШС мен  «ТаразКожОбувь»ЖШС базасында мал шаруашылығы кластері жұмыс істей бастады.

Барлық жаңалықтар