- Басты
- Жаңалықтар
- Баянауыл ауылында Мұса Мырза мешітінің қайта жөндеу үрдісі аяқталды
Баянауыл ауылында Мұса Мырза мешітінің қайта жөндеу үрдісі аяқталды
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет Павлодар облысына жасаған сапары барысында «ой қозғайтын ақылдың жері, сөз қозғайтын ақынның жері, берік оба тас тұлға, сыралғы болған батырдың жері» (Торайғыр би Едігеұлы) болған киелі Баянауыл жерінде жаңа күрделі жөндеуден өткізіліп, үлкейтілген «Мұса мырза» мешітінің ашылуына қатысты», - деп хабарламада жазылған.
«Мұса мырза» мешіті «қалауын тапса қар жанар» дегендей, аймақ басшыларының, дініміздің жанашыр кәсіпкерлерінің қоолдауымен қүрделі жөндеу жасалып, жаңартылып, Баянауыл халқының игілігіне қайта берілді.
Жаңа мешіт ғимаратының алғашқы тұсаукесер лентасын қиған Бас мүфти мешітте жамағатпен бірге бесін намазын оқыды.
Салтанатты рәсім барысында Бас мүфти Павлодар облысының барлық имамдарының көшпелі кеңесін өткізіп, оларға бүгінгі таңда жастарды жат ағымдардан сақтандыру, имандылық жолына тәрбиелеу үшін имамдар қандай бағыттарда жұмыс жүргізу, уағыз-насихатты қалай айта білу керектігі жөнінде ақыл-кеңестер берді.
Шара соңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет киелі Баянауыл өңірінің тумасы, ағартушы, философ, дін қайраткері, ақын, халық мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (шын аты Адамжүсіп Көпжасарұлы) Жаңажол ауылы, Ескелді шатқалындағы кесенесінде болып, зиярат жасады.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ -
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек -
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді -
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды -
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ -
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды