Қазақстандықтар Аргентинаға визасыз бара алады - СІМ

3 Қараша, 2014 17:28
1 қараша күні Қазақстан мен Аргентина Үкіметінің арасында орнатылған келісім шарт өз күшіне енді, келісім бойынша ҚР мен Аргентина азаматтары 30 күн бойы визасыз екі елде жүре алады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

«Аргентина Латын Америкасының жетекші елдерінің бірі, Қазақстан Аргентинаны маңызды серіктес ретінде қарастырады. Жыл сайын екі жақты қарым-қатынас белсенді даму үстінде. Аргентина аграрлы өндіріс саласында әлемдік көшбасшылардың бірі болып есептеледі, оның ішінде ет өнімі де бар. Елдегі тәжірибе мен технологиялар аргарилердің қызығушылығын тударады», - делінген хабарламада.

Ведомствода хабарлағандай, Аргентина арасындағы визасыз режимді алғаш қолданатындар Қазақстанның мемлекеттік симфониялық оркестрі. Осы аптада өз әріптестерінің шақыртуымен олар Буэнос-Айресқа барады, 60 әртістен тұратын топ аталмыш елге барады. Желтоқсан-қарашада ауыл шаруашылығы мәселесін шешу үшін аргентиналық бизнесмендер елге келеді.

«Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы келісімнің күшіне енуін  күтіп отырмыз,ол келісім Корея Президенті Пак Кын Хенің жаз айында Қазақстанға келген сапарында жүзеге асқан болатын. Еуропалық Одақ елдерінің визалық режимін ырықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Бельгияға барған сапарында маңызды құжаттарға қол қойылды. Ол ҚР мен ЕО арасында кеңейтілген серіктестік жасау туралы келісім, ол визалық режимді жеңілдетуді де қарастырады», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар