Алматының қала құрылысы кеңесі бірқатар нысандардың құрылысын бекітті

3 Қараша, 2014 15:48
Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен қала құрылысы кеңесінің отырысы болып өтіп, онда төрт нысанның құрылысы мақұлданды.

Оның бірі - Алмалы ауданы Қабанбай батыр көшесінің бойындағы мейманхана кешені, деп хабарлады қала әкімдігі.

«Алматыда 10 мың орынды 106 қонақүй бар, олар 3,4,5 жұлдызды. Қала өсуде әрі туристік орталыққа айналуда. Сондықтан жаңа қонақүйлерге деген сұраныс басым. Әсіресе, ірі шараларды, 2017 жылы Универсиаданы өткізгенде қонақүйлер өте қажет болады», - деді Ахметжан Есімов.

Бұдан өзге қала құрылысы кеңесі Медеу ауданындағы паркингі бар көпфункционалды әкімшілік кешенінің, Алмалы ауданындағы сауда орталығының, Бостандық ауданындағы бизнес орталықтың құрылыстарын бекітті. Бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге аспақ.

Алматы қала құрылысы кеңесінің мүшелері жаңа құрылыстарды жүргізген кезде энергия көздерін ұтымды пайдалану қажеттігін атап өтті.

Барлық жаңалықтар