• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында Қазақстанның ұзақмерзімді даму стратегиясы түсіндірілді

Қарағанды облысында Қазақстанның ұзақмерзімді даму стратегиясы түсіндірілді

3 Қараша, 2014 15:34
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттарын түсіндіру жұмысы аясында ҚР энергетика вице-министрі Талғат Ахсамбиев Қарағанды облысының Нұра ауданына жұмыс сапарымен барды.

Өз сөзінде вице-министр Жолдаудың «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін кезең-кезеңмен жүргізіліп жатқан саяси шешімдер практикасын жүзеге асыратындығын жеткізді.

«Т. Ахсамбиев Жолдауда белгіленіп отырған Стратегияны жүзеге асырудың кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтті.  Ол Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізгі стратегиялық бағыттары, атап айтқанда – инновациялық индустриалдандыруды күшейту, ғылымға сүйенген экономиканы құру, агроөнеркәсіптік кешенді, агломерациялардың, көлік пен энергетиканың инфрақұрылымдарын, шағын және орта бизнесті дамыту, білім беру және денсаулық сақтау салаларын өрістету, сондай-ақ, мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру арқылы адами әлеуетті күшейту мәселелеріне ерекше тоқталып өтті», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Т. Ахсамбиев қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту, ауаның ластануын азайту, сондай-ақ, энергетикалық тиімділік пен қуат үнемдеуді жоғарылату бойынша жүзеге асырылатын нақты қадамдар жөнінде мәлімдеді, деп хабарлады энергетика министрлігі.

Кездесулер аясында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдау барысында жергілікті тұрғындар жеке мәселелерді қозғап, қоғамдық  маңызы бар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талқылауға мүмкіндік алды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар