• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-ның тұрғындары тиімді бағамен тұрақтандыру қорының ауылшаруашылығы өнімімен қамтамасыз етіледі

ШҚО-ның тұрғындары тиімді бағамен тұрақтандыру қорының ауылшаруашылығы өнімімен қамтамасыз етіледі

3 Қараша, 2014 14:47
ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемендегі көкөніс сақтау қоймаларын тексеріп қайтты.

«Ең ірі қойма  «Мұздыбай» ШҚ Защита ауданында орналасқан. Шаруа қожалығының қожайыны Талғат Баймуриноватың айтуынша, мұнда 3 мың тоннадан астам көкөніс сақталады. Бүгінде картоп, сәбіз бен орамжапырақ  сақтау үшін дайындалып қойылды.  Жерқоймаларда сақтау үшін барлық жағдай жасалды және онда арнайы температура сақталуда. Жоспарланғандай, көкөніс сақтау қоймасындағы тұрақтандыру қорының өнімі сәуір айының соңына дейін мұрты бұзылмай сақталуы керек», -  деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Аталып өткендей, көкөніс сақтау қоймасы  «Батай»  ШҚ-да тұрақтандыру қорының 60 тонна қызылшасы, 1200 тонна картопы мен 600 тоннадан астам пиязы сақталуда. Жалпы, облыс орталығы үшін 6 мың тоннаға жуық көкеніс сақталды.

Семей тұрғындарын тұрақтандыру қорының өнімімен «Приречное» Агрофирма» ЖШС қамтамасыз етуде. Мұнда  5728 тонна өнім тұрақтандыру қорына жіберілді. Оның 3365 тоннасы - картоп. Тұрақтандыру қорының өнімі 64 әлеуметтік бөлімде көктемге дейін сатылатын болады.

«Бүгінде басты мақсат  - көкеністердің дұрыс сақталуын және олардың шығынын бодырмау болып табылады», - деп аймақ басшысы атап өтті.

Сондай-ақ, ол ШҚ басшыларына осы мәселені  қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Барлық жаңалықтар