- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында жыл басынан бері 94 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді
Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында жыл басынан бері 94 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді
«Жүргізуші куәліктерін беру және автокөліктерді тіркеу бойынша Астана мамандандырылған ХҚКО-сы мен Ақмола облысы Целиноград ауданының ХҚКО-сына Парламент Сенатының депутаттары келіп кетті.Мамандандырылған ХҚКО-да сенаторларға жүргізуші куәліктерін алу және автокөлік құралдарын тіркеу процесі көрсетілді. Бүгінде Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихан тапсыруды ескергенде, орташа есеппен шамамен 2 сағат уақыт кетеді. Осындай нәтижеге мемлекеттік органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерін интеграциялау және бизнес-процесстерді автоматтандырудың арқасында қол жеткізілді. Автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу кезінде агрегаттарды салыстырудың Орталықтың аумағында, автокөлік үшін арнайы көзделген ангарда өтуінің арқасында көлік құралын тіркеу уақыты қысқарды», - делінген хабарламада.
«ХҚКО қызметкерлері құжаттар қабылдауға ғана, ал әкімшілік полиция қызметкерлері көлік құралдарын тіркеу куәліктері мен жүргізуші куәліктерін дайындау процесіне қатыстырылады. Осылайша, мамандандырылған ХҚКО-да міндеттерді қатаң бөлу қолданылады, бұл азаматтардың құжаттарды дайындаумен айналысуға жауап беретін орындаушылармен тікелей байланысқа түсуіне жол бермейді, нәтижесінде бұл сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алады», - деді ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов.
Сарсеновтың айтуынша, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Астана қаласының мамандандырылған ХҚКО-сында психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің анықтамаларын алуға болады. Осылайша, психологтар мен наркологтар барлық қызмет етіп жатқан мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс жасауда. Бүгінгі күні Қазақстанда осындай 5 орталық жұмыс жасайды, жылдың соңына дейін тағы да 4 қалада – Қызылорда, Петропавл, Павлодар және Талдықорған қалаларында ашылатын болады.
Бұдан басқа, экскурсия барысында сенаторларға өткен жылы барлық 260 ХҚКО-да орналастырылған Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы көрсетілді, бұл жерде азаматтар кезек күтпей электрондық үкімет порталы арқылы өздігінен электрондық қызметтер ала алады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді