• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда фермерлер екінші деңгейлі банктермен несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие болады – Мақажанов

Қазақстанда фермерлер екінші деңгейлі банктермен несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие болады – Мақажанов

3 Қараша, 2014 11:37
Қазақстанда аграрлы бизнесті дамыту үшін фермерлер екінші деңгейлі банктермен несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие болады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «ҚазАгро» ҰБХ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Мақажанов.

«Қазіргі таңда ауылдарда жұмыс істеп жатқан жалғыз қаржы институты «ҚазАгро» институты болып табылады. Белгілі бір деңгейде қиындықтар да жоқ емес. Және де екінші деңгейлі банктерге қатысуды ынталандыру бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы да жұмыс істеуде. Биыл аргарлы-несиелік корпорациясының біздің бір еншілес ұйымы шаруалардың екінші деңгейлі банктер мен «ҚазАгро» еншілес ұйымдарынан несие алу мүмкіндігіне ие болу үшін екінші деңгейлі 3 банкпен 1,5 млн теңгенің келісімін жасауды жоспарлап отыр», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, шаруалар «ҚазАгро» секілді үстеме ақылар бойынша несие рәсімдей алады.

«Біз қорландыру мақсатымен оларға арзан несие береміз. Алдағы уақытта шаруаларды банктер қаржыландыратын болады. Бұның барлығы фермерлер жұмысын жандандыруға жол ашады», - дейді Д.Мақажанов.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар