- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында шаруашылықтар 184,0 млн тенге инвестициялық субсидиялар алды
Ақмола облысында шаруашылықтар 184,0 млн тенге инвестициялық субсидиялар алды
«Мақұлданған өтінімдер бойынша жобалардың жалпы құны 2 811,8 теңгеге жуық соманы құрайды. Бүгінгі таңда инвесторларға 184,0 млн. теңге төленді, жобалар бойынша тағы 142,9 млн. теңге субсидия төленетін болады.Субсидиялануы мақұлданған 25 жобаның 11 жоба ірі қара малдың тауарлы фермаларын техникалық жарақтау, 2 жоба сүтті-тауарлы фермаларды кеңейту, 2 жоба етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды өсіру бойынша шаруашылық-репродукторлар кеңейту жоба жемшөп өндірісі бойынша кәсіпорындар/шаруашылықтар құру, 1 жоба суландыру жүйелерін енгізуге және 2 000 тоннадан бастап жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын кеңейту бойынша сонымен бірге 6 жоба астық өнімдерін сақтау бойынша кәсіпорындар кеңейту және де 1 жоба кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорындарды кеңейту бағытына жатады», - делінген хабарламада.
Барлық жобалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған: бағдарлама шартына сәйкес инвестициялық субсидиялауға биыл пайдалануға берілген жобалар қатыса алады.
Инвестициялық субсидиялау елімізде биыл алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның (Астана, Алматы ққ., облыс орталықтары мен 160 ауданда орналасқан) аймақтық желісі мен сall-орталығының негізінде (8 800 080 70 80 нөмірі бойынша) ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін инвестициялық субсидиялауға қатысты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған (Қазақстан бойынша стационарлық және ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін).
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары