ОҚО-да 35 мың га суармалы жерді сумен қамтамасыз ету жақсартылады - әкімдік

3 Қараша, 2014 10:33
ОҚО-да 35 265 га суармалы жерді сумен қамтамасыз ету жақсартылады және 3450 га жаңа суармалы жер қосылады, деп әкімдіктен хабарлады.

«Есепті кезеңде облыс аумағындағы орман қорының жері 3125,7 мың гектар, оның ішінде орманмен көмкерілгені 1564 мың гектар. Ормандарды заңсыз кесуден, өрттен қорғай отырып, осы  жылдың 10 айында орман екпелерін егу 988 га жерге жүргізілді, 19657 га алқапқа қараша-желтоқсан айларында сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Бүгінде жабуды қажет ететін қойманың жалпы көлемі 106,8 га құрап, облыстық бюджеттен қаржы қаралып, консервациялау жұмыстары іске асырылуда. Жыл соңына дейін кен қалдықтарын сақтау қоймасы толық консервацияланып, экологиялық түйткілдің түйіні тарқалады.

 «Осы  жылдың 10 айында жаңадан өртке қарсы 60 шақырым минералдық жолақтар салынып, 4805 шақырым ескі минералдық жолақтарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді», - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев.

Барлық жаңалықтар