• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі ЖКБ Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі ЖКБ Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады

3 Қараша, 2014 09:01
ҚР Әділет Министррінің орынбасары Эльвира Азимова бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Женеваға сапары шеңберінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа және Орталық Азия бөлімінің директоры Джанни Магаззенимен кездесті, деп хабарлады СІМ.

«Дж.Магаззени Қазақстанның жетістіктері Республиканың басшылығының салмақты әрі сындарлы әлеуметтік-экономикалық саясатының және және елдің тұрақты әрі қарқынды дамуының бейнесі екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Ол Қазақстанды  адам құқықтарын қорғау саласындағы міндететмелерін орындау бойынша Ұлттық есебінің табысты қорғалуымен құттықтап, еліміздің осы саладағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Осы ретте Жоғарғы Комиссар басқармасының Әмбебап кезеңдік шолудың ұсыныстарын орындау бойынша Іс-шаралар жоспарын дайындауға қолғабыс беруге әзірлігін жеткізді.

 ҚР Әділет министрінің орынбасары Э.Азимова Магаззени мырзаға ризашылығын айтып, Қазақстан Үкіметінің адам құқықтарын қорғау саласындағы міндеттемелерін барынша орындауға, оның ішінде Жоғарғы Комиссар басқармасы мен Бішкектегі Аймақтық өкілдікпен екіжақты ықпалдасуды жалғастыруға ниетін растады.

 

Барлық жаңалықтар