- Басты
- Жаңалықтар
- Парижде Астана күндері өтіп жатыр (ФОТО)
Парижде Астана күндері өтіп жатыр (ФОТО)
Париж әлемнің әсем астаналарының бірі. Рухани мәдениеті мен тарихы бай, ғажайып әрі нәзік - көбімізге Франция астанасы нақ осындай болып көрінеді. Осындай қарама-қайшылықтардың ішінде Париж орталығында орналасқан қазақ этноауылы ерекше экзотикалық оқиға болды. Алаңда үлкен киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылды, ұлттық өнер шеберлері көпшілікке өз өнімдерін ұсынды, музыканттар, әншілер мен мың бұралған бишілер өз өнерлерін ортаға салды. Қонақтарды ұзын бойлы жауынгер жігіттер мен сұлу қыздар қарсы алды.
Салтанатты шараның алдында Париж қаласының бірінші округының мэрі Жан-Франсуа Легарэ, азақстан Республикасының Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева, сонымен қатар, басқа да құрметті қонақтар, соның ішінде мэрия мен Париждің басқа округтарының өкілдері, түрлі мемлекеттердің дипломаттары этноауылды аралап шықты. Келушілер назарына киіз үй жабдықтары, ұлттық қолөнер бұйымдары, зергерлердің еңбектері мен ұлттық тағамдардан дәм татты ұсынылды.
«Былтыр Қазақстанда Франция жылы өткені бәрімізге мәлім. Биылғы жыл Франциядағы Қазақстан жылы деп жарияланды, оның аясында Парижде Астана күндері өткізіліп жатыр. Франция төрінен этноауыл ашып, қазақ халқының мәдениетін, тұрмысын және өнерін көрсеттік. Париж қаласының тұрғындары ұйымдастырылған шараларға үлкен қызығушылық танытып отыр. Екі күннің ішінде 10 мыңға жуық адам келеді деп күтілуде», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева.
Астана қаласы филармониясының халық аспаптары оркестрі тосын сахнадан қазақ музыкасын орындап тұрды. Салтанатты ашылу рәсімінде филармонияның би ұжымы қазақ ұлттық биін биледі. «Терра», «Туран», «Шалқыма» би ансамбльдері де өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов те сөз сөйледі. Ол екі елдің тарихы мен қазіргі замандағы өзара қарым-қатынасы, Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа табысты кірігуіне негіз болған еліміздің тиімді бейбітшіл саясаты жайлы айтып берді.
Париж қаласының бірінші округының мэрі Жан-Франсуа Легарэ өз сөзінде шараның өзектілігі мен ерекшелігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Оның айтуынша, ұсынылған инсталляцияның арқасында француздар қазақ мәдениетімен жан-жақты танысып, еркін дала халқының тарихы мен салт-дәстүрін тамашалады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр