Таразда облыс әкімінің кубогына волейболдан турнир өтті

2 Қараша, 2014 15:03
Таразда Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған облыс әкімінің кубогына волейболдан турнир өтті

Жарысқа 120 спортшыдан тұратын 12 команда қатысты: Өзбекстан Республикасынан «Ташкент», Қырғызстан Республикасынан «Бішкек», Алматыдан «ҚазҰАУ», Шымкенттен «Динамо», Талдықорғаннан «Жетісу», Алматыдан «Еуразиялық Университет», Ресей Федерациясынан «Байқоңыр», Қызылордадан «Қызылорда», Шымкенттен «Шымкент су», Жамбыл облысынан «Ардагер»,Тараздан «Тараз қанаты» командалары, деп хабарлайды облыс әкімдігі. 

Шараны ұйымдастырушылар облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы мен өңірдің волейбол федерациясы.

Әкімдіктің хабарлауынша, жарысты ұйымдастырудағы мақсат ТМД елдерінің ардагерлер командалары арасында ыньымақтастықты дамыту мен жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, ұлттық спорт түрлерін насхаттау мен елде патриоттық сананы қалыптастыру, ҚР осы спорт түрін кеңінен насихаттау болып табылады.

Барлық жаңалықтар