ЕЭК пен ЮНИДО Ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды

2 Қараша, 2014 12:04
Венада Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ Өндірістік даму арасында Ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды, деп хабарлайды ЕЭК ресми сайты.

Құжатқа ЕЭК Өнеркәсіп және аргоөнеркәсіп кешені алқа мүшесі (министрі) Сергей Сидорский мен БҰҰ ӨД бас директоры Ли Юн қол қойды. Қол қою рәсіміне Австрия Республикасындағы ЮНИДО штаб пәтерінде Беларусь, Қазақстан мен Ресей және Армения елшілерінің қатысуымен өтті.

Хабарламада айтылғандай, ЕЭК Бірлескен мәлімдемені Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезіндегі ЮНИДО тәжірибесі мен білімін пайдалану мүмкіндігі ретінде қарастырады. Ұйым тәжірибесін қабылдау одаққа мүше мемлекеттердің өндірістік кешені әлеуетін арттыруға бағытталған әрекеттерді іске асыруға оң әсер етпек.

«Сергей Сидорский Бірлескен мәлімдемені дамытуда ұйыммен тұрақты негізде байланыс орнату мақсатында ЕЭК-тың ЮНИДО жанындағы бақылаушы мәртебесін алу мәселесін қарастыруды ұсынды. Ли Юн аталмыш бастаманы қолдай отырып осы бағытта ЮНИДО хатшылығына жұмыстарды бастай беру туралы тапсырма берді», - делінген хабарламада.

Кездесу қатысушылары сонымен қатар жаңа технологияларды енгізу, зиянды қалдықтарды тастау деңгейін төмендету мен ЕАЭО аумағында әріптестікті кеңейту бойынша ЮНИДО жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Шара соңында ЮНИДО бас директоры ЕЭК өкілдерін 2014 жылдың 4-5 қарашасында Венада өтетін өндірістік даму бойынша ЮНИДО-ның екінші форумына шақырды.

Барлық жаңалықтар