ҚР-да алғаш рет "Технологияны коммерциялау" халықарылық форумы өтеді

2 Қараша, 2014 10:29
4-5 қарашада Қазақстанда «Технологияларды коммерцияландыру» Халықаралық Форумы бірінші рет өтеді. Форум аясында қазақстандық жетекші инновациялық компаниялар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жобаларымен таныстырып, көрмеге қояды, деп хабарлайды ҚР БҒМ.

"Форумның ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Гүлшара Абдыхалықова; ҚР Президентінің көмекшісі Ербол Орынбаев; Білім және ғылым министрі – Аслан Сәрінжіпов, Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы аймақтық менеджері - Людмила Бутенко; Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес төрағасы - Гленн Швайцер қатысады", - делінген хабарламада.

Форумның мақсаты – инновациялық ғылыми жобаларға қазақстандық және шетелдік инвесторларды тарту, сол жобалардың коммерциялық тиімділігін арттыру, осы арқылы еліміздегі ғылыми-зерттеу, инновациялық жобалардың мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы жалпы экономиканың дамуына ықпалдасу.

Шара барысында «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында қолдау тауып жүзеге асып жатқан 49 сәтті жобамен таныстыру өтеді.

Форум ұйымдастырушысы - Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік Банк қолдауымен «Технологияны коммерцияландыру орталығы» ЖШС.

Барлық жаңалықтар