- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда Алматы облысы мәдениет күндері өтті
Таразда Алматы облысы мәдениет күндері өтті
4 күн бойы Жамбыл облысы халқы Алматы облысының үздік деген шығармашылық ұжымдарымен танысып, қолданбалы өнер саласы шеберлерінің көрмелерін барып тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар шарада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы да таныстырылып, Алматы облысының мәдениет қайраткерлерімен кездесу өтті.
«Мәдениет күндері аясында М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкентану музейінде, «Ұста Дәркенбай» музейі мен «Жеті Қазына» музейінде, Жамбыл Жабаев атындағы шығармашылық-мемориалды музейінде, облыстық шығармашылық және мәдени мұра орталықтарында, «Тамғалы Тас» және «Есік» қорық музейі жергілікті халыққа өз мақтаныштарын таныстырды», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, Б.Римовой атындағы облыстық драма театры «Уловка Айдар» (М.Ахманов), «Естай мен Қорлан» (Иран-Ғайып), «Өмір осындай» (Медеу Сәрсеке), «Махаббатсыз ғасыр» (Сұлтанәлі Балғабаев) қойылымдарын сахналады.
Сонымен қатар Таразда Алматы облысының индустриялды-инновациялық, ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік әлеуеті көрсетіліп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жатқан кәсіпорындардан да аз-кем хабар берілді.
«Алматы облысы әкімі Амандық Баталов пен Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкірекбаев сауда-экономикалық, мәдени және туристік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды», - делінген хабарламада.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде